Яндекс Метрика

Ұзынағашта елде болмаған онлайн үйлену той өтті

1669874030.webp
Жақында Қазақстанда онлайн үйлену тойы өтті. Үйленіп жатқан жас жұбайлар тойға Оңтүстік Кореядан қатысты. Тойға көп адам шақырылған. Тек үйленіп жатқан жас жұбайлар Кореядан қатысты. Желіде тараған осы видеоға пікір жазғандар бұлай шығын шығарудың қажеті жоқ еді деп жатыр. Сосын бұл тойдың Алматы облысына қарасты Ұзынағаш ауылында өткені айтылған.

"Шығын қылмай, бәрін ZOOM-мен отыра салмадыңдар ма?", "Жүре берсең көре бересің", "Алла сақтасын", "Қазақстанға келсе, қайтадан Кореяға бара алмай қалады ғой. Сол үшін осылай жасап жатыр деп ойлаймын", "Онлайн неке түні болмағанына шүкір"

— деген сарындағы пікірлер көп.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін онлайн ұзатылған қыз жайлы хабарланған. Онда АҚШ-та білім алып жатқан екі жастың отау құрғанына куә болған еді желідегілер.

Өздеріңіз білетіндей 2019 жылдан бастап әлем карантинге жабылды. Карантин әсерінен елімізде той тойлауға рұсқат берілмед және онлайн өмір салты өте жақсы дамыды. Бұл онлайн той да сол онлайн өмір салтының дамуының бір көрінісі.

Мақаланы бөлісіңіз:
Жақында сіздің де тойыңыз болады ма? Қонақтарыңызды ең заманауи шақырумен шақырғыңыз келеді ме?

Ендеше, Shaqyru.kz онлайн шақыру конструкторы арқылы, өз тойыңызға шақыруды не бәрі 5 минутта жасап алыңыз!
Шақыру жасау

Оқуға кеңес береміз: