Яндекс Метрика

Үйлену тойына арналған ең үздік тілектер

1669870103.webp
Үйлену тойы - кез келген қыз-жігіт асыға күтетін, адам өміріндегі ең қуанышты жайт. Ата-ана той-думанның барынша жақсы өтуіне тер төксе, келген меймандар өзінің ізгі ниетті тілегін білдіруге асығады. Десе де аузына сөз түспей, сөз сөйлеуден қашқақтайтын да жоқ емес. Ойда жоқта асабаның микрофон ұсынуы ыңғайсыз жағдайға қалдырмас үшін жас жұбайларға арналған ең әсерлі тілектер топтамасын ұсынамыз.

Құрметті отау иелері, сендерді бүгінгі шаңырақ көтеріп отырған атаулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Осы ауылдың беделді, сыйлы, үлгілі отбасы болуларыңды шын жүректен тілеймін! Махаббаттарың баянды, өмірлерің бақытқа толы болсын!


Бақыт адамның басына бірден қонбайды. Бақыт ең бірінші адамның аяғына қонады. Оны көтере алған адам көтереді. Көтере алмаған адам талтаңдап жүре алмай қалады. Одан кейінгі бақыт адамның аузына қонады. Оны көтерген адам көтере алады. Ал көтере алмайтын адамның аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығады дейді. Одан кейін бақыт адамның көз жанарына қонады дейді. Оны көтермеген адамның көзін шел басып, қасындағы жақындарын көрмей қалады дейді. Ал одан кейінгі бақыт адамның басына қонады дейді. Бұдан менің айтқым келіп тұрғаны – бастарыңа да тек бақ қонсын!Екі бұлақ бір арнаға тоғысты.


Екі жүрек ұғынысты, табысты.
Тілейікші аппақ арман-ағысты.
Тұлпарға тән озып шығар шабысты.
Жаңа отаудың шаңырағын көтеріп.
Кел, достарым, жақсы тілек етелік!
Үйленгендер – алтын сарай салғандар.
Балалығы естелікке қалғандар!
Қалады енді балалық шақ ертек боп.
Кел, достарым, шаттық тойға ортақ боп!
Екі жұбай – қатар тұрған періште.
Бірге ұшсын бақ-болашақ – өрісте!


Армысың, айналайын, күйеу бала. Қызымызға ертеңгі сүйеу, жарыңның жұлдызы бол құндызы бол. Біз үшін осындай дос біреу ғана. Қолыңа қондырған ақ құсың құтты болсын. Біздің құрбымызды ешқашан ренжітпей, аялап өтеді деп сенемін. Құрып жатқан шаңырақтарыңыз ешқашан шайқалмай, іші сәбидің былдыры мен ойыншықтың сылдырына толы болғай. Тек қана Аллахтың ажарында, бақыттың базарында болыңыздар!


Құрметті жас-жұбайлар, сіздерді заңды некелеріңізбен шын жүреқтен құттықтаймыз. Жаңа өмірге аяқ бастыңыздар, басқан қадамдарыңызға гүл бітсің. Көтерген шаңырақтарыңыз биік, керегелері кең болсын. Іші толы сәбидің үні болсын деп тілей отырып махаббаттарың мәнді де сәнді болсын дегім келеді. Көлде жүзген қос аққудай махаббаттарың берік болсын… Аспанда қанша жұлдыз болса, сонша бақыт тілеймін!


Ұлы сезім екі жасты ептеді, жалындаған екеуіне беттеді! Ырыс-дәулет үйлерінен кетпесін, ашу-дұшпан қанша қуса жетпесін! Ата-ана көздің жасын сықпасын, келін шырақ тапқан тиынын тықпасын! Үзілмесін бұл үйдегі тойларың, егіз тапсын қорадағы қойларың! Бала берсін етегіне жастардың, көзі шықсын көре алмаған қастардың! Тастай батып, судай сіңсін бұл келін, тапқын бес қыз, алты-жеті ұл, келін!


Қос аққудай қос ғашыққа төрдегі - бар бақытты мен тілеймін жердегі! Жалын атып жүректері сөнбесін, Ібілістің арбауына көнбесін! Бір-біріне серік болсын жалғанда, тау шыңындай биік болсын талғам да! Сүйіп өтсін бірін-бірі мәңгілік, ғұмыр кешсін өмірлерін ән қылып. Алтыннан ардақты, күмістен салмақты құдалар! Төрге шығыңыз, сырласып жанымыз қосылсын! Досымыз қуанып, дұшпанымыз тосылсын! Төреленіп төрге шыққандарыңыз құтты бола берсін! Әрдайым денсаулығыңыз мықты болсын!


Кеш жарық, тойға жиналған қауым! Құрметті құда-құдағилар, құда болып төрге шыққандарыңыз құтты болсын! Құдаларыңыз мыңжылдық болсын! Құдалықтарыңыз мыңжылдық болсын. Ал жас жұбайлар, құрған шаңырағыңның босағасы берік болсын! Қазақта жақсы сөз бар: «Тату үйге тақсырет жоламас», - деген. Тату-тәтті, бақытты өмір сүріңдер! Абыройдан ақ отау тігуге талпыныңдар! Өмір сүрудің екі негізі бар екен: Біріншісі – үйретуден аянба, екіншісі – үйренуден жалықпау. Міне, осы қағиданы басшылыққа алыңыздар.


Аяқ екеу, қол да екеу, Көз дегенің – ол да екеу. Екеу және құлақ та, Жүрек жалғыз бірақ та. Сондықтан да сол жүрек күйіп, жанып, өртеніп, естісін деп лебізін іздейді екен серігін - дегендей қос жүрек өмірлік серіктерін тапқан екен. Құрған шаңырақтарың биік, босағаларың берік, керегелерің кең болсын!

Мақаланы бөлісіңіз:
Жақында сіздің де тойыңыз болады ма? Қонақтарыңызды ең заманауи шақырумен шақырғыңыз келеді ме?

Ендеше, Shaqyru.kz онлайн шақыру конструкторы арқылы, өз тойыңызға шақыруды не бәрі 5 минутта жасап алыңыз!
Шақыру жасау

Оқуға кеңес береміз: