Әркім өз қызметімен әлек болып жүргенде, ағам мен жеңгем шақырту билетке суретке түсеміз деп кетті. Арада біраз уақыт өткен соң қайтып келді. Жеңгемнің қабағы түсіңкі екен. Не болып қалды деп ойладық. Содан дайын болған шақырту билетінің бір данасын бізге көрсетті. Алғашында еріксіз күліп жібердім. Артынан езуімді жиып, «жақсы шағапты» деп қоя салдым.
Ағамның қызба мінезі бар еді. Бірге суретке түскен соң, бастарын кесіп алып, дайын шаблондарға қойып көрсеткен. Арада біраз уақыт өтсе де, жеңгем таңдау жасай алмай, «анау қалай, мынау қалай» деп отырған ғой. Арасында әдемілері болса да, одан да жақсы болар деген ниетпен барлық нұсқаны қойдырып көріп отырған. Содан кезек бұрынғы кездегі шақыру билеттің нұсқасына келіпті. Жеңгемнің шашы төбесіне түйілген, ағам болса сүр түсті иығы үлкен костюм киіп, бастарып түйісіп отыра қалыпты. Түрлеріне анау айтқандай жараспаса да, ағамның сабыры сол жерде таусылып, айқайға басқан. Жеңгем аузын да ашып үлгермей, жарты сағатта шақыру билетті қолдарына ұстатқан екен.
Ешкімнің көңілінен шықпаса да, сол нұсқамен барлық қонақтарды тойға шақырдық. Той да жоғары деңгейде өтті. Сол кезде Shaqyru.kz сынды сайттардың жұмыс істейтінін білсек, осылайша артық уақыт пен энергияны шығындамас едік. Енді бұл есте болады!